Біз Сізде сайтымыздың жұмысы туралы жақсы әсер қалуы үшін, cookies («куки») және оларға ұқсас технологияларды пайдаланамыз. Егер Сіз сайтымызды пайдалануды жалғастырсаңыз, бұл Сіздің cookies пайдалануға келісетініңізді білдіреді. Қосымша ақпарат алу үшін, біздің Саясаттарымызбен танысуыңызды өтінеміз

Реестр отечественного ПО При поддержке НТИ

Адал жұмыс талаптары

«Антиплагиат» жүйесі пайдаланушыларының адал жұмыс қағидалары

 

Осы құжатты Антиплагиат компаниясы дайындады және «Антиплагиат» жүйесінде (бұдан әрі – Жүйелер) пайдаланушылардың келесі нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған адал жұмыс қағидаларын қамтиды:

  • шарттарға сәйкес ұйымға бөлінген тексерулерді тиімді пайдалану және тексерулердің мақсатсыз жұмсалуын болдырмау;
  • заңды пайдаланушылардың жеке деректері мен есептік жазбаларының қауіпсіздігі және олардың үшінші тұлғаларға берілуін болдырмау;
  • пайдаланушының құжаттары мен есептерін үшінші тұлғалардың санкцияланбаған әрекеттерінен (көшіру, жою және құжаттармен орындалатын т.б. әрекеттер) қорғау.

«Антиплагиат» жүйесін адал пайдалану – бұл Жүйеде пайдаланушының кәсіби қызметіне қатысты құжаттармен жұмыс, пайдаланушының есептік жазба деректеріне ұқыптылықпен қарауы, тексерулер санын тиімді пайдалануы, түпнұсқалық пайызын «қиыстырып келтіру» және техникалық айналып өтулерді іздеу үшін Жүйені пайдаланудан бас тартуы.

  1. Антиплагиат компаниясы жазылушы ұйымы үшін Жүйедегі есептік жазбалар санын шектемейді. Жүйенің әрбір пайдаланушысы ұйымда Жүйе әкімшісі берген жеке есептік жазбамен (логинмен және құпиясөзбен) жұмыс істеуі тиіс. Пайдаланушыда есептік жазба болмаған жағдайда ол ұйымдағы Жүйе әкімшісіне жүгінуі тиіс.
  2. Антиплагиат компаниясы пайдаланушылардың жеке деректерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Жүйе пайдаланушысы жеке есептік жазба деректерін (логин мен құпиясөз) үшінші тұлғаларға (әріптестеріне, студенттерге, әкімшілерге, Антиплагиат компаниясының қызметкерлеріне, өзге тұлғаларға) бермеу керек. Үшінші тұлғалардың жеке есептік жазба деректерін пайдалануын анықтау фактісі туралы пайдаланушы құпиясөзді ауыстыру үшін ұйымдағы Жүйе әкімшісіне хабарлауға міндетті.
  3. Антиплагиат компаниясы ғылыми және оқу жұмыстарында мәтінді алып пайдалануларын анықтау үшін Жүйе мүмкіндіктерін ұсынады. Жүйені пайдаланушы өзінің лауазымдық міндеттері шеңберінде және тек қана жұмыс мақсатында құжаттарды алып пайдалануға тексерулер жүргізу керек. Жүйе пайдаланушысына Антиплагиат Компаниясымен лицензиялық шартта айтылған жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға қандай да бір қызметтерді көрсету үшін өз аккаунтын пайдалануға тыйым салынады.
  4. Жазылушы ұйымның билігіндегі тексерулер саны ұйымның Антиплагиат компаниясымен шартымен реттеледі. Жүйе пайдаланушысы мәтіндерді алып пайдалануға тексерулерді тиімді пайдалануға, ұйымда регламенттелген түпнұсқалық көрсеткіштерге тексеру арқылы құжат мәтінін қиыстырып келтірмеуге немесе техникалық айналып өтулер көмегімен сол мақсатқа қол жеткізбеуге міндетті.
  5. «Антиплагиат» жүйесі ғылыми және оқу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында құрылған және алып пайдаланулардың заңдылығы мен дұрыстығын бағалау құралы болып табылады. Жүйе тексерілетін құжат үзінділерінің іздеу саласындағы дереккөздермен мәтіндік қиылысу фактілерін (өзгертіп айту мен аударуды қоса алғанда) анықтайды, ал алып пайдаланулар заңдылығы мен дұрыстығы туралы шешімді ұйым сарапшылары тексеру туралы есептің негізінде қабылдау керек.
  6. Антиплагиат компаниясы ұйымдағы Жүйе әкімшілеріне пайдаланушыларды бақылауға арналған құралдар жинағын ұсынады: пайдаланушының әрекеттер журналын қарау, аккаунттарды құру, бұғаттау және бұғаттаудан шығару. Жүйе әкімшісі пайдаланушылардың есептік жазба деректері бойынша тексерулердің пайдаланылуын бақылауы және тексерулердің мақсатсыз жұмсалуын және пайдаланушылардың жеке деректерінің «жылысталуын» болдырмау үшін Жүйе көрсеткіштерін бір тоқсанда кемінде 1 рет талдауы тиіс. Жүйе әкімшісі пайдаланушы аккаунтының күдікті белсенділігін анықтау барысында пайдаланушының есептік жазбасына кіруін бұғаттауға міндетті. Пайдаланушылардың есептік жазбаларға немесе Жүйенің жеке мүмкіндіктеріне қол жеткізуі автоматты түрде шектелуі мүмкін.
  7. Жүйе әкімшісі пайдаланушының есептік жазба деректерінің «жылысталуы» туралы хабарлаған жағдайда пайдаланушының құпиясөзін ауыстыруға міндетті.
  8. Жүйе әкімшісі пайдаланушының осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Жүйеде жұмыс істегеніне және пайдаланушы аккаунтының беделі түспегеніне сенімді болған жағдайда ғана пайдаланушының есептік жазбасынан шектеуді алып тастай алады.