«Антиплагиат» АҚ Бас директорының
2023 жылғы 10 тамыз № 12 бұйрығымен бекітілген
(редакция 2023 жылдың 14 тамыздан бастап қолданылады)
«Антиплагиат» акционерлік қоғамы («Антиплагиат» АҚ: НМТН 1057747076078, СТСН 7705664677, ЕҚСК 773101001, бұдан әрі – «Құқық иесі») Сайтта тіркелу арқылы Офертаның барлық шарттарын қабылдай отырып, Антиплагиат® Бағдарламалық Жүйесін пайдалануға өзінің келісімін білдіретін әрекетке толық қабілетті кез келген жеке тұлғаға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») Антиплагиат® Бағдарламалық Жүйесін пайдалануға беруге міндеттенеді.
Негізгі ұғымдар
1) Антиплагиат® Бағдарламалық Жүйесі (Антиплагиат® БЖ) — қолданбалы компьютерлік бағдарламалардың, арнайы іздеу модульдері мен топтамалардың функционалдық-интеграциялық бірлігін білдіретін мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық-технологиялық кешен. Антиплагиат® БЖ мәтіндік және/немесе графикалық материалдарда алып пайдалануларды анықтау және сәйкестендіру үшін талдауды жүзеге асырады, мәтіндік және/немесе графикалық тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша есептерді қалыптастырады, сондай-ақ жалпыға қолжетімді дерекқорларды қоса алғанда, мәтіндік және/немесе графикалық дерекқорларды өңдейді. Антиплагиат® БЖ, Құқық иесінің компьютерлік жабдығында әртүрлі нұсқалар мен режимдерде пайдалануға ұсыну мүмкіндігімен орналастырылған.
Антиплагиат® БЖ-н құрайтын компьютерлік бағдарламаларға арналған айрықша құқықтар Құқық иесіне тиесілі, Роспатент тарапынан тіркелген, сондай-ақ Бірыңғай отандық бағдарламалық жасақтама тізіліміне енгізілген. Құқық иесі іздеу индексінің технологиялық массивін Антиплагиат® БЖ-нің құрауышы ретінде еркін түрде немесе тиісті келісімдер негізінде пайдаланады. Антиплагиат® БЖ-не немесе оның жекелеген элементтеріне (компьютерлік бағдарламаларға) айрықша құқықтарды беру (иеліктен шығару), – жүзеге асырылмайды. Құқық иесі Антиплагиат® БЖ-н пайдалануды шектеусіз тұлғалар тобына ұсынуға құқылы. Антиплагиат® БЖ құрамына кіретін компьютерлік бағдарламалардың сипаттамасы, сондай-ақ оларды пайдалану нұсқаулығы мына мекенжай бойынша қолжетімді: https://docs.antiplagiat.ru/ru/ (бұдан әрі – «Пайдаланушы құжаттамасы»).
«Антиплагиат» коммерциялық белгіленуі Антиплагиат® тіркелген және қорғалатын аралас тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісінің) әріптік-ауызша элементі болып табылады. «Антиплагиат» АҚ – Антиплагиат® тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісінің) құқық иесі болып табылады. Коммерциялық белгіні және/немесе тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) заңсыз пайдалану заң бойынша қудаланады.
Антиплагиат® БЖ-н пайдалану құқығы Пайдаланушыға Пайдаланушы құжаттамасына сәйкес Пайдаланушының компьютерлік құрылғысына Антиплагиат® БЖ компьютерлік бағдарламаларының дистрибутивін орнатпай, Логин мен Құпиясөз бойынша интернет-шолғыш арқылы беріледі. Заңды тұлғалар және/немесе жеке кәсіпкерлер Антиплагиат® БЖ-н Құқық иесімен бірге жасалатын лицензиялық шарт негізінде өздерінің кәсіби (жарғылық) қызметінде пайдаланады. Заңды тұлғалардың өкілдері немесе жеке кәсіпкерлер коммерциялық ұсыныс пен лицензиялық шартты алу үшін sales@antiplagiat.ru мекенжайы немесе 8 (800) 777-81-28, +7 (495) 223-23-84 телефондары арқылы өтініш білдіреді.
2) Құқық иесінің сайты («Сайт») — Интернет желісінде https://www.antiplagiat.ru/ мекенжайы бойынша орналасқан Құқық иесінің ақпараттық жүйесі. Сайтта Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ туралы жалпы ақпарат алады және users.antiplagiat.ru доменіне: а) Антиплагиат® БЖ-де тіркелу; ә) Антиплагиат® БЖ-не қол жеткізу және б) осы құжаттың (Офертаның) шарттарында Антиплагиат® БЖ пайдалану мақсатымен өтеді.
3) Оферта — Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – «РФ АК») 437-бабына сәйкес Құқық иесінің осы Интернет желісі арқылы Антиплагиат® БЖ-н пайдалану құқығын беруге арналған қайтарып алынбайтын және мерзімсіз жария ұсынысы. Оферта лицензиялық келісімнің (Шарттың) елеулі талаптарын қамтиды. Оферта тұрақты түрде мына мекенжайда болады: https://www.antiplagiat.ru/help/terms. Оферта, Оферта қабылдау мерзімін шектемей, әрекетке толық қабілетті жеке тұлғалардың белгісіз шеңберіне арналған. Офертаны толық және сөзсіз қабылдау – Акцепт деп аталады. Акцепт жасалған сәттен бастап Сайтқа кіруші Пайдаланушыға айналады, ал Офертаның шарттары Тараптар үшін Пайдаланушыға Антиплагиат® БЖ-н пайдалану құқығын беруге арналған лицензиялық келісімнің (Шарттың) заңды шарттарына айналады.
4) Офертаны құптау (Құптау) — Сайтқа кірушінің Сайт арқылы Пайдаланушы ретінде тіркелуі немесе авторизациядан өтуі арқылы Оферта шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы (РФ АК-нің 438-бабы). Құптау арқылы, Оферта талаптары негізінде Пайдаланушыға Жай (айрықша емес) лицензия талаптарында Антиплагиат® БЖ-н пайдалану құқығын беруге арналған лицензиялық шарт (Шарт) жасалады. Шарт Құптау кезінде жасалған болып есептеледі және осы құжатта (Офертада) белгіленген тәртіппен қолданылады. Құптау сәтінен бастап Пайдаланушы РФ АК-не сәйкес лицензиаттың құқықтары мен міндеттерін иеленеді немесе растайды.
5) Тарап немесе Тараптар — бір-бірімен Шарт жасасқан азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушылары (тұлғалары) ретінде әрекет ететін Құқық иесі және Пайдаланушы.
6) Шарт — Пайдаланушыға Тараптар арасында Офертаны құптау арқылы жасалатын Антиплагиат® БЖ-н Жай (айрықша емес) лицензия шарттарында пайдалану құқығын беруге арналған келісім. Шарт, Жай айрықша емес лицензия талаптарына сәйкес Антиплагиат® БЖ-н пайдалану тәсілдеріне байланысты өтеусіз немесе өтеулі болуы мүмкін.
7) Жай (айрықша емес) лицензия (Пайдалану құқығы) — Пайдаланушының Антиплагиат® БЖ-н Офертада (шартта) белгіленген шектеулермен, Офертаның (Шарттың) 1.3-тармағында көрсетілген белгілі бір аумақта, «сол қалпында» халықаралық стандартына сәйкес, сублицензиялау құқығынсыз уақытша пайдалануының шектеулі және ешкімге берілмейтін құқығы. Құқық иесі Пайдаланушыға Антиплагиат® БЖ-н пайдаланудың екі тәсілін ұсынады: ●Негізгі Нұсқа (таныстыру мақсатында, шектеулі функционалмен беріледі) немесе ●Коммерциялық Нұсқа (Пайдаланушы таңдайтын және төлейтін Тарифке сәйкес вариативті-кеңейтілген функционалмен сыйақы үшін беріледі).
8) Тариф — Құқық иесі белгілейтін: а) Пайдаланушы үшін Антиплагиат® БЖ-де жол берілетін іс-қимылдар және Пайдаланушы үшін Антиплагиат® БЖ мүмкіндіктерінің құрамы мен көлемін айқындайтын, Пайдаланушыға салынатын шектеулер көлемі; б) лицензиар ретінде Құқық иесінің сыйақы мөлшері. Тариф құндық өлшемде көрсетілген. Қолданыстағы тарифтер туралы өзекті ақпарат Пайдаланушыға Сайтта тіркелген сәттен бастап мына мекенжай бойынша қолжетімді: https://users.antiplagiat.ru/tariffs. Құқық иесі науқандар өткізеді және Антиплагиат® БЖ-н пайдалануға жеңілдіктер ұсынады.
9) Логин және Құпиясөз — Пайдаланушы Сайтта тіркеуден өткен кезде өз бетінше жасайтын, Антиплагиат® БЖ авторландырылған түрде пайдалануға және Пайдаланушының Аккаунтын қорғауға арналған таңбалар жиынтығы.
10) Пайдаланушының Аккаунты (Аккаунт) — Сайтқа кіруші Антиплагиат® БЖ-де тіркелген кезде жасайтын Пайдаланушының есептік жазбасы. Аккаунт, Құқық иесіне Антиплагиат® БЖ-нің әрбір пайдаланушысын есепке алуға, қол жеткізуді және Пайдалану құқығын жүзеге асыруды бақылауға мүмкіндік береді. Аккаунт, Пайдаланушыға Антиплагиат® БЖ-н Логин мен Құпиясөз бойынша пайдалану құқығын береді. Аккаунт, Құқық иесінің серверлік жабдықтарындағы жад пен есептеу қуатының белгілі бір көлемін білдіреді және Пайдаланушының мүлкі (меншігі, активі) болып табылмайды. Аккаунт, лицензиялық шарттың тараптары ретінде Пайдаланушы мен Құқық иесі арасындағы құқықтық байланысты куәландыратын материалдық емес растау («токен») болып саналады. Аккаунт Пайдаланушыға дербес веб-бетті — виртуалды кеңістікті: а) Антиплагиат® БЖ-мен өзара әрекеттесу; ә) Құқық иесінен ақпарат алу; б) Пайдаланушының дербес есептік деректері мен Антиплагиат® БЖ-де тексерілген мәтіндері туралы есептерді сақтау үшін ұсынады.
11) Есептік кезең — ұзақтығы не Пайдаланушы Төлеген Тарифпен, оның ішінде арнайы шарттардағы Тарифпен (Пайдаланушы Құқық иесі тарапынан арнайы шарттарда Антиплагиат® БЖ пайдалану үшін авторландырылған кезең), не осы құжатта көрсетілген мерзімдермен айқындалатын Пайдалану құқығын жүзеге асыру уақытының аралығы. Есептік кезеңнің әрбір түрінің басталуы Офертаның (Шарттың) 1.7-тармағына сәйкес Пайдалану құқығын беру сәтіне сәйкес келеді. Есептік кезеңнің әрбір түрінің аяқталуы Офертаның (Шарттың) 1.8-тармағында көрсетілген.
1. Мәні
1.1. Құқық иесі Пайдаланушыға Жай (айрықша емес) лицензия («Пайдалану құқығы») шарттарында Антиплагиат® БЖ-н пайдалану құқығын береді, ал Пайдаланушы оны Офертада (Шартта) баяндалған талаптарға сәйкес пайдалану құқығын қабылдауға және жүзеге асыруға міндеттенеді.
1.2. Пайдалану құқығын жүзеге асыру тәсілдері: а) Антиплагиат® БЖ-не қашықтан қол жеткізу және ә) Антиплагиат® БЖ-н өзінің қолданбалы мақсатына сай пайдалану (Пайдаланушы құжаттамасына сәйкес мәтіндік және өзге де алып пайдалануларды іздеу, анықтау және сәйкестендіру). Антиплагиат® БЖ-н пайдаланудың қосымша тәсілдері Тараптар арасында жасалатын арнайы лицензиялық шарт негізінде ғана мүмкін болады. Пайдалану құқығын жүзеге асырудың басқа тәсілдеріне жол берілмейді және оларды Құқық иесі бұзушылық ретінде қарастыруы мүмкін.
1.3. Пайдаланушыға Пайдалану құқығын беру аумағы – егер бөлек лицензиялық шартта өзгеше көрсетілмесе, әлемнің барлық елдері.
1.4. Егер Тараптардың бөлек келісімінде өзгеше көзделмесе, Сайтта тіркелмейінше, Антиплагиат® БЖ пайдалануға жол берілмейді. Егер Пайдаланушы Оферта шарттарымен келіспесе, ол Сайтта тіркелу (авторизациядан өту) бойынша іс-әрекеттер жасамауға және Пайдалану құқығын жүзеге асыру бойынша қандай да бір іс-әрекеттер жасамауға тиіс. Пайдаланушыға үшінші тұлғаларға, оның ішінде Офертаның (Шарттың) 1.2-тармағында көрсетілген тәсілдермен Пайдалану құқығын беруге тыйым салынады.
1.5. Құқық иесі Пайдаланушыға Пайдалану құқығын беруі кезінде, ол кепілге қойылмағанын, оған тыйым салынбағанын, өзге жолмен ауыртпалық салынбағанын және қандай да бір даулардың нысанасы болып табылмайтынын растайды.
1.6. Ұсынылатын Пайдалану құқығы үшін Пайдаланушы Құқық иесіне, мысалы, Негізгі нұсқаны пайдаланған жағдайда, Офертада (Шартта) көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мөлшері мен төлеу тәртібі Тарифке сәйкес айқындалатын сыйақы төлейді.
1.7. Құқық иесі Пайдаланушыға Сайтта тіркелген күннен бастап Негізгі нұсқаны Пайдалану құқығын береді. Пайдаланушы таңдаған Тарифті белсендірген (төлеген) сәттен бастап Құқық иесі Пайдаланушыға Коммерциялық Нұсқаны Пайдалану құқығын Пайдаланушы құжаттамасына сәйкес тиісті есептік кезең ішінде ұсынады. Арнайы шарттарда пайдалану құқығы, Пайдаланушыға Офертаның (Шарттың) 2.5-тармағына сәйкес Арнайы шарттарда пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатымен авторизациядан өткен сәттен бастап арнайы шарттардың әрбір нақты түрі үшін Есептік кезеңге тең келетін мерзімге беріледі.
1.8. Негізгі нұсқаны Пайдалану құқығының Есептік кезеңінің аяқталуы, осы құжаттың шарттарына сәйкес Аккаунттың жойылуымен тоқтатылады (4.1.4, 4.3.7 – 4.3.9, 7.1 тармақтар). Коммерциялық нұсқаны Пайдалану құқығының Есептік кезеңінің аяқталуы Пайдаланушы таңдаған және төлейтін әрбір нақты Тарифпен (оның ішінде, арнайы шарттардағы Тарифпен) айқындалады.
1.9. Сайтта тіркелу (авторизациядан өту), Пайдалану құқығын жүзеге асыру арқылы, Пайдаланушы Құқық иесіне: а) Офертаның барлық талаптары оған түсінікті екенін, Пайдаланушы оларды толық көлемде ескертусіз қабылдайтынын және оларды орындауға міндеттенетінін; ә) Оферта РФ АК талаптарына сәйкес Шарттың Тараптары ретінде Құқық иесі мен Пайдаланушықол қойған қарапайым жазбаша нысанда жасалған шарттың заңды күшіне ие болып табылатынын растайды және куәландырады.
1.10. Антиплагиат® БЖ-де тіркелмей Пайдалану құқығын жүзеге асыру техникалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан, Пайдаланушы Құқық иесіне Интернет желісіндегі жалпыға қолжетімді бетте, https://antiplagiat.ru/help/privacyмекенжайы бойынша электрондық нысанда ұсынылған Келісімге сәйкес өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
1.11. Пайдаланушы таңдаған (орнатқан) немесе алып тастаған алып пайдалануларды іздеу және сәйкестендіру бойынша тексеріс жүргізу параметрлеріне сәйкес Пайдаланушыға Антиплагиат® БЖ толық есебін ұсыну, – алып пайдалануларды іздеудің және сәйкестендірудің тиісінше орындалғанының жектілікті дәлелі (растамасы) болып табылады.
2. Пайдалану құқығын жүзеге асыру
2.1. Пайдалану құқығын жүзеге асыруды бастау үшін Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ тіркеу нысанын (сауалнаманы) толтырады. Тіркеу аяқталғаннан кейін, Пайдаланушы Логин мен Құпиясөз алады, олар туралы ақпарат жария етілуге жатпайды.
2.2. Пайдаланушының Логині мен Құпиясөзін пайдалана отырып Антиплагиат® БЖ-де жүзеге асырылатын іс-әрекеттер Пайдаланушының өзі жасаған іс-әрекеттер болып саналады.
2.3. Пайдаланушыны Антиплагиат® БЖ-де тіркеу Есептік кезеңнің басы болып саналмайды.
2.4. Пайдаланушы тіркелгеннен кейін, Коммерциялық нұсқа көлемінде Пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін Пайдаланушы Офертаның 5.1 – 5.4-тармақтарына сәйкес өзі таңдаған Тарифті төлеуі тиіс.
2.5. Құқық иесі науқандар өткізуге және жеңілдіктер беруге, оның ішінде арнайы шарттарда қолданылатын және пайдаланушылардың жекелеген санаттарына қолданылатын белгілі бір кезеңге Тарифтерді енгізу арқылы науқандар өткізуге және жеңілдіктер беруге құқылы. Арнайы шарттарда қолданылатын Тарифті пайдаланудың барлық шарттары келесі Сайтта көрсетілген: https://users.antiplagiat.ru/page/promo. Мұндай тарифке қол жеткізу үшін, Пайдаланушы келесі Сайтта көрсетілген рәсімге сәйкес авторизациядан өтуі тиіс: https://users.antiplagiat.ru/page/promo. Авторизацияны ұсыну мерзімі Тарифтің шарттарында айқындалады. Пайдаланушы, көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Пайдаланушының Арнайы шарттарда пайдалану құқығын сақтауын растау мақсатында қайта авторизациялауды сұратуға құқылы.
2.6. Пайдаланушыға Коммерциялық Нұсқаны Пайдалану құқығын беру фактісі Пайдаланушының Офертаның 1.7-тармағына сәйкес Антиплагиат® БЖ-не қолжетімділік ұсынумен расталады.
2.7. Пайдаланушы таңдаған (орнатқан) немесе алып тастаған алып пайдалануларды іздеу және сәйкестендіру бойынша тексеріс жүргізу параметрлеріне сәйкес Пайдаланушыға Антиплагиат® БЖ толық есебін ұсыну дерегі, – алып пайдалануларды іздеудің және сәйкестендірудің тиісінше орындалғанының жектілікті дәлелі (растамасы) болып табылады.
2.8. Пайдаланушы өз Аккаунтында қатарынан 6 (алты) ай немесе одан да көп уақыт бойы төменде көрсетілген әрекеттердің ешқайсысын жасамаған болса, Құқық иесі Пайдаланушыға Белсенді емес Мәртебені (бұдан әрі – «БеМ») белгілейді:
2.8.1. кем дегенде бір мәтіндік файлды тексеру;
2.8.2. мәтіндік файлдарды жүктеу/жүктеп алу, қарау, басқа жерге көшіру;
2.8.3. есепті қарау, өңдеу, жүктеп алу;
2.8.4. Логин мен Құпиясөздің көмегімен Антиплагиат® БЖ-де авторизациядан өту.
БеМ, Құқық иесі оны белгілеген күннен бастап, Пайдаланушы Офертаның (Шарттың) 4.3.8 және 4.3.9 тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Офертаның (Шарттың) 2.8.1-2.8.4 тармақшаларында көрсетілген кез келген әрекетті жасаған сәтке дейін қолданылады.
2.9. Құқық иесі Пайдаланушыдан күнтізбелік айдың 25-ші күнінен бастап келесі күнтізбелік айдың 24-ші күніне дейін ҚҚС-сыз 100, 00 (Жүз) рубль, 00 тиын сомасында есептелетін БеМ әрекет еткен әрбір ай үшін Аккаунтты пайдаланғаны үшін ақы алады. Осы тармақта көрсетілген төлем сомасын белгілеу бөлігінде Тарифтің өзгеруі күшіне енген бірінші толық емес ай үшін Аккаунтты пайдаланғаны үшін төлем толық мөлшерде алынады. Құқық иесі төлем сомасын ол есептелген айдың соңында ұстап қалады. Құқық иесінде бар ақша қаражатының қалдығы нөлге тең болса, Пайдаланушыдан төлем алынбайды. Сондай-ақ, Құқық иесінің таңдауы бойынша Пайдаланушының ішкі шотынан ұпайларды есептен шығаруға болады.
2.10. Пайдаланушы, Пайдаланушының Қолдау қызметіне хабарласу немесе Аккаунтты пайдалану арқылы 3 (үш) ай мерзімге БеМ әрекетін тоқтата тұруға құқылы. Офертаның 2.9-тармағында көрсетілген төлем, БеМ әрекетін тоқтата тұру кезеңінде есептелмейді және алынбайды. БеМ әрекеті, оны тоқтата тұрудың үш айлық мерзімі өткен жағдай бойынша айдың 25-ші күні қайта басталады.
2.11. Құқық иесі Шартты орындау мақсатында Пайдаланушы ұсынатын (жүктейтін) ақпаратты (деректерді) тексермейді, сондай-ақ деректердің дәлдігі мен дұрыстығына, сондай-ақ Пайдаланушының заңнаманы, оның ішінде дербес деректер және зияткерлік құқықтар туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болмайды.
2.12. Пайдаланушы деректерді, оның ішінде мәтіндік файлдарды Антиплагиат® БЖ-не жүктей отырып, оларды Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Офертада (Шартта) көзделген жағдайларда Құқық иесінің немесе басқа уәкілетті Құқық иесінің пайдалануына өзінің толық келісімін білдіреді.
2.13. Техникалық қолдау мәселелері бойынша, Пайдаланушы Сайтта және осы құжатта көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа алады.
3. Пайдалану құқығының шектеулері
3.1. Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ-нің функционалдық мақсатын ескере отырып, Пайдалану құқығын тек жеке зияткерлік қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты жеке ақпараттық, білім беру, ағартушылық, ғылыми немесе өзге де мақсаттарда ғана жүзеге асырады.
3.2. Пайдалану құқығын жүзеге асыру кезінде Пайдаланушы Құқық иесі белгілеген мынадай шектеулерді ескеруге және одан асып кетпеуге міндетті:
3.2.1. Антиплагиат® БЖ-н немесе оның құрамдас бөліктерін жаңғыртпау, соның ішінде оларды Пайдаланушының қандай да бір компьютерлік құрылғысының жадына жазуды жүзеге асырмау;
3.2.2. Құқық иесі белгілеген техникалық шектеулерді айналып өтуге тырыспау;
3.2.3. технологияны ашпау, бұзбау немесе Антиплагиат® БЖ-н немесе оның құрамдас бөліктерін қайта құрастырмау;
3.2.4. Антиплагиат® БЖ-дежұмыс істемейтін қолданбаларды шақыру үшін Антиплагиат® БЖ құрауыштарын пайдаланбау; Антиплагиат® БЖ-н немесе оның құрамдас бөліктерінің көшірмесін жасамау;
3.2.5. басқа тұлғаларға Антиплагиат® БЖ-н немесе оның құрамдас бөліктерін көшіруге мүмкіндік бере отырып, Антиплагиат® БЖ-н немесе оның құрамдас бөліктерін жарияламау;
3.2.6. Антиплагиат® БЖ-н немесе оның құрамдас бөліктерін прокатқа, жалға немесе уақытша пайдалануға бермеу;
3.2.7. Антиплагиат® БЖ-н немесе оның құрамдас бөліктерін қандай да бір қызмет көрсету үшін пайдаланбау;
3.2.8. Пайдалану құқығын Шарттың қолданылу мерзімінен тыс жүзеге асырмау;
3.2.9. Антиплагиат® БЖ басқа пайдаланушыларының (лицензиаттарының) деректеріне қол жеткізу бойынша әрекет жасамау;
3.2.10. Құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатын алмайынша, Антиплагиат® БЖ-не немесе оның құрамдас бөліктеріне кез келген құралдармен автоматты түрде жүгінбеу;
3.2.11. мазмұнына заңмен тыйым салынған (қорқытулар, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулар, балағат сөздер мен сөз тіркестері, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау, біреудің беделін түсіру, заңмен тыйым салынған заттарды, қаруды немесе оның бөліктерін дайындау не пайдалану туралы мәліметтер, басқалардың дербес деректері және т.б.) мәтіндерді Антиплагиат® БЖ-де тексермеу.
3.3. Шарт бұзылған жағдайда, Пайдаланушы Пайдалану құқығын жүзеге асыруды дереу тоқтатуға міндеттенеді.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Пайдаланушының құқықтары:
4.1.1. Офертада (Шартта)көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Антиплагиат® БЖ-не және Сайтқа тәулік бойы қолжетімділікке ие болу;
4.1.2. толық есепті алу мақсатында, алып пайдаланушыларды іздеу бойынша сәйкестендіру бойынша тексеріс жүргізу параметрлерін өз бетінше таңдау (орнату) немесе алып тастау;
4.1.3. Тарифті төлемеу арқылы Коммерциялық Нұсқаны пайдаланудан бас тарту. Бұл жағдайда, Пайдаланушыға Негізгі Нұсқаны пайдалану құқығы сақталады;
4.1.4. кез келген уақытта Құқық иесіне өзінің Аккаунтын және Пайдаланушының Антиплагиат® БЖ-не енгізілген барлық деректерін жою туралы сұрау жіберу.
4.2. Пайдаланушының міндеттері:
4.2.1. Офертаның (Шарттың) талаптарына сәйкес Пайдалану құқығын жүзеге асыру, Офертада (Шартта), сондай-ақ Пайдаланушы құжаттамасында көрсетілген Пайдалану құқығының шектеулерін қатаң сақтау;
4.2.2. Коммерциялық Нұсқаны пайдалануды таңдаған жағдайда, Оферта (Шарт) белгілеген тәртіппен Құқық иесіне сыйақы төлеу (Тарифті төлеу). Төлемдер жасалған жылдан кейінгі жылдың 01 қаңтарынан бастап есептелетін Тарифтердің төленгені туралы құжаттық растамаларды кемінде үш жыл сақтау;
4.2.3. Логин мен Құпиясөздің қатаң құпиялылығын қамтамасыз ету: ұқыпты және сенімді сақтау, тек өзі ғана пайдалану, басқа адамдарға жария етпеу, жоғалтқаны үшін жауап беру;
4.2.4. Пайдаланушының Логинді және (немесе) Құпиясөзді кез келген рұқсатсыз жолмен пайдаланғаны туралы, не болмаса Пайдалану құқығын жүзеге асыру қауіпсіздігінің кез келген басқа бұзылуы туралы Құқық иесіне дереу хабарлау;
4.2.5. Дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін ұсынылатын дербес деректерді мұқият пайдалану;
4.2.6. Офертаның (Шарттың) өзекті редакциясымен мезгіл-мезгіл танысып отыру, оның шарттарын қабылдау немесе Офертамен (Шартпен) келіспеген жағдайда, Пайдалану құқығын жүзеге асырудан дереу бас тарту;
4.2.7. Пайдаланушыға сұрау жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Құқық иесіне Пайдаланушының Оферта (Шарт) талаптарын сақтауы туралы ақпаратты және (немесе) Оферта (Шарт) талаптарын орындау үшін қажетті ақпаратты беру.
4.3. Құқық иесінің құқықтары:
4.3.1. Пайдаланушыдан Офертаның (Шарттың) талаптарын сақтауы туралы ақпаратты және (немесе) Офертаның (Шарттың) талаптарын орындау үшін қажетті ақпаратты алу;
4.3.2. Офертаның (Шарттың) талаптарына сәйкес сыйақы алу, жеңілдіктер беру және Тарифтің құнын төмендету бойынша науқандар өткізу;
4.3.3. Пайдаланушыны хабардар етпестен, Антиплагиат® БЖ-н мақсатын өзгертпей және «сол қалпында» халықаралық стандартына сәйкес пайдалануға ұсынбай жетілдіру (жақсарту), оның ішінде техникалық жаңартулар мен жақсартулар жүргізу;
4.3.4. Пайдаланушы Ресей Федерациясының заңнамасын және (немесе) Оферта (Шарт) талаптарын бұзған жағдайда, Пайдалану құқығын біржақты тәртіппен тоқтату, сондай-ақ кез келген веб-сайттардан, бағдарламалардан, сондай-ақ Оферта (Шарт) талаптарын бұзған пайдаланушылардан келген сұрауларға қызмет көрсетпеу;
4.3.5. өз жабдықтарына, Антиплагиат® БЖ-не профилактикалық қызмет көрсету, ол үшін Пайдалану құқығын жүзеге асыруды уақытша тоқтата тұру;
4.3.6. Антиплагиат® БЖ-нің Негізгі Нұсқасына қатысты Пайдалану құқығын алдын ала ескертусіз, кез келген уақытта өшіру немесе белгісіз мерзімге тоқтата тұру, сондай-ақ оны пайдаланудың кез келген шектеулерін енгізу;
4.3.7. Пайдаланушы деректерін жою туралы сұрауды алған кезде Пайдаланушы деректерін жою;
4.3.8. Келесі жағдайда Пайдаланушыны алдын ала хабардар етпей, Пайдаланушының Аккаунтын сақтай отырып, барлық деректері мен есептерін жою: а) Антиплагиат® БЖ-н қатарынан 6 (алты) ай немесе одан да көп уақыт бойы пайдаланбаған кезде (Офертаның 2.8 және 4.4.3 тармақтары); немесе ә) Пайдаланушы Офертаның (Шарттың) талаптарын бұзса;
4.3.9. Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ Негізгі Нұсқасын қатарынан екі жыл немесе одан да көп уақыт бойы пайдаланбаған жағдайда, Пайдаланушыны алдын ала хабардар етпей, Негізгі Нұсқаны Пайдаланушының Аккаунтын, соның ішінде жүргізілген мәтіндік тексерулер туралы барлық деректер мен есептерді жою (Офертаның 2.8-тармағы);
4.3.10. Пайдаланушының дербес деректері мен Пайдаланушы жүктеген мәтіндік файлдарды қоспағанда, Пайдаланушы туралы мәліметтерді (оның ішінде, IP-мекенжайы, браузердің нұсқасы, операциялық жүйенің нұсқасы және басқалары), сондай-ақ Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ пайдалану статистикасын жасау мақсатында Антиплагиат® БЖ-не жүктеген мәтіндер туралы статистикалық мәліметтерді (деректерді) пайдалану, сондай-ақ осындай статистиканы жариялау және/немесе үшінші тұлғаларға беру;
4.3.11. Пайдалану құқығын жүзеге асыруда, оның ішінде мыналарға қатысты шектеулер белгілеу: ● Антиплагиат® БЖ-нің жекелеген функциялары; ● Пайдаланушы енгізген деректерді сақтау мерзімі; ● бір IP-мекенжайдан тіркелген есептік жазбалардың ең көп саны; ● тексеру үшін жүктелетін мәтіндердің, оларды редакциялаудың және басқа жерге көшірудің, мәтіндерді тексеруге жіберудің ең көп саны; ● бір тіркелген пайдаланушы орындай алатын мәтіндерді және басқа әрекеттерді тексеру; ● тексеруге жүктелетін мәтіндік файлдың ең үлкен көлемі; ● кез келген уақыт кезеңі үшін Антиплагиат® БЖ-не жүгінудің ең көп саны; ● тексеруге жүктелетін мәтіндік файлдардың арнайы параметрлері және т.б. Құқық иесі Антиплагиат® БЖ-не автоматты түрде жүгінуге тыйым салуға, сондай-ақ автоматты түрде жасалған кез келген ақпаратты (мысалы, есептік жазбаларды, мәтіндерді) қабылдауды тоқтатуға құқылы.
4.3.12. техникалық түрлендіру немесе жұмыстағы қателерді жою кезінде Антиплагиат® БЖ-н тестілеу мақсатында Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ-не жүктеген деректерді, сонымен қатар мәтіндік файлдарды пайдалану, оның ішінде Құқық иесі осы әрекеттерді орындау үшін тартқан басқа тұлға тарапынан;
4.3.13. өз қалауы бойынша және Пайдаланушыны алдын ала хабардар етпей, қолданыстағы Тарифтерде Антиплагиат® БЖ-нің іздеу мүмкіндіктері мен модульдерінің құрамын жақсарту, ал енгізілетін жаңа Тарифтерде Антиплагиат® БЖ-нің іздеу мүмкіндіктері мен модульдерінің құрамын белгілеу;
4.3.14. Пайдаланушы таңдаған (орнатқан) немесе алып тастаған алып пайдалануларды іздеу және сәйкестендіру бойынша тексеріс жүргізу параметрлеріне сәйкес Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ толық есебін алған жағдайда, Пайдаланушыға алып пайдаланушыларды іздеу және сәйкестендіру бойынша жасалған тексеріс үшін ақшалай қаражатты қайтармау.
4.4. Құқық иесінің міндеттері:
4.4.1. Офертада (Шартта) көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушыға Антиплагиат® БЖ-н тәулік бойы пайдалану мүмкіндігін беру;
4.4.2. Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету;
4.4.3. Офертада (Шартта) көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушыға қатысты Белсенді емес мәртебе (БеМ) енгізілген сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде Пайдаланушы Антиплагиат® БЖ-не енгізген деректердің сақталуын қамтамасыз ету;
4.4.4. Антиплагиат® БЖ-де Құқық иесінің кінәсінен туындаған іркілістерді ақылға қонымды мерзімде жою;
4.4.5. Антиплагиат® БЖ-не жүйелі түрде, мүмкіндігінше түнде немесе демалыс күндері профилактикалық қызмет көрсету;
4.4.6. Пайдаланушының деректері мен ақпаратын ақылға қонымды кезеңділікпен сақтық көшірмелеу;
5. Сыйақы. Есеп айырысу тәртібі
5.1. Коммерциялық Нұсқаны Пайдалану құқығын жүзеге асыруды таңдау кезінде, Пайдаланушы Құқық иесіне Пайдаланушы таңдаған Тарифке сәйкес алдын ала төлеу тәртібімен (Пайдаланушы таңдаған Тариф сомасының 100% мөлшерінде) сыйақы төлеуге міндетті.
5.2. Пайдалану құқығын төлеу кезеңінде Антиплагиат® БЖ Пайдаланушыға пайдаланушы интерфейсі (https://users.antiplagiat.ru/payment) арқылы Пайдаланушы таңдаған мәтіндік тексерулер санына байланысты сыйақының қорытынды мөлшері туралы автоматты түрде хабарлайды.
5.3. Сыйақы (төлем) енгізу тәсілдері келесі Сайтта көрсетілген: https://users.antiplagiat.ru/payment. Төлем https://www.robokassa.ru немесе https://yookassa.ru сервистерін қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін, ал есептеулер Ресей рублімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Пайдаланушы https://robokassa.kz/ төлем сервисі арқылы төлем жасауға құқылы. Бұл жағдайда, есеп айырысулар теңгемен жүзеге асырылады және төлем Құқық иесінің серіктесі — «Антиплагиат.Қазақстан» ЖШС-нің есеп айырысу шотына түседі: БСН: 210440000453, (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы), support@antiplagiat.ru.
5.4. Пайдаланушының төлем жөніндегі міндетін орындау сәті, Құқық иесінің немесе оның серіктесі — «Антиплагиат.Қазақстан» ЖШС-нің есеп айырысу шотына тиісті ақшалай қаражат аударылған күн болып саналады.
5.5. Пайдаланушы Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда (Пайдаланушының өзі төлеген мәтіндік тексерулерді пайдаланудан бас тартуы), Құқық иесі: а) Пайдаланушы өзі таңдаған Тариф бойынша мәтіндік тексерулерді сатып алған күні https://users.antiplagiat.ru/tariffs сайтында көрсетілген бір мәтіндік тексерудің (жеңілдіктерсіз) бағасы бойынша есептелген, Пайдаланушы пайдаланған мәтіндік тексерулердің толық құнын және ә) өзіне ақша сомасының қалдығын қайтарғаны үшін төлем сервисінің немесе Пайдаланушы банкінің комиссиясының сомасын шегере отырып, Пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде Пайдаланушыға өзі енгізген ақшалай қаражатты қайтарады.
5.6. Коммерциялық Нұсқаны Пайдалану құқығын белсендіру, сыйақы сомасы Құқық иесінің немесе оның серіктесі — «Антиплагиат.Қазақстан» ЖШС есеп айырысу шотына түскеннен кейін автоматты түрде жүзеге асырылады. Есептік кезең Тариф белсендірілген сәттен бастап саналады. Мәтіндік тексерулер санын есептен шығару кезекпен (ескіден жаңасына қарай) жүзеге асырылады.
5.7. Төлемді жүзеге асыру кезінде Пайдаланушы өз қаражаты есебінен банк ұйымдары немесе төлем жүйелері алатын барлық комиссияларды (немесе өзге де міндетті төлемдерді) төлейді.
5.8. Құқық иесі Тарифті өзгерткен жағдайда (Сайтта міндетті түрде жариялай отырып), Құқық иесі Пайдаланушы төлеген Пайдалану құқығы кезеңдері (есептік кезеңдер) үшін сыйақыны қайта есептемейді.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес осы құжатқа сай жауап береді.
6.2. Пайдаланушы, Пайдалану құқығын: Пайдаланушының кез келген мақсаттары үшін немесе кез келген компьютерлік бағдарламалармен/аппараттық құралдармен бірлесіп пайдалану үшін «Антиплагиат»® БЖ-нің жарамдылығы туралы Құқық иесінің растамаларынсыз, «сол қалпында» жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандартына сәйкес, Антиплагиат® БЖ қолданбалы мақсатына сай жүзеге асырады. Құқық иесі Пайдаланушының «Антиплагиат»® БЖ-н пайдалануына, дұрыс пайдаланбауына немесе пайдалана алмауына тікелей немесе жанама байланысты болуы мүмкін нұқсан (шығындар) үшін жауап бермейді, сондай-ақ деректердің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін жауап бермейді.
6.3. Құқық иесінің дәлелденген жауапкершілігі Пайдаланушы енгізген соңғы төлем уақытының сомасымен шектеледі.
6.4. Құқық иесі мынаған жауап бермейді:
6.4.1. Антиплагиат® БЖ-нің жұмысы үшін және Пайдаланушы (немесе Пайдаланушы жағындағы үшінші тұлғалар) Антиплагиат® БЖ-не өз бетімен өзгерістер енгізген жағдайда келтірілген залалдар (шығындар) үшін немесе Антиплагиат® БЖ-нің Пайдаланушының компьютерлік жабдықтарымен немесе компьютерлік бағдарламаларымен үйлесімсіздігінен туындаған іркілістер үшін;
6.4.2. Пайдаланушының Антиплагиат® БЖ-н пайдаланумен байланысты кез келген әрекеттері және Пайдалану құқығын жүзеге асыру шеңберінде өзі жасаған файлдары үшін;
6.4.3. Бұл: а) Пайдаланушының іс-әрекетімен; ә) Пайдаланушының Интернет желісіне қол жеткізуінің техникалық ақауларымен; б) мемлекеттік органдарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерімен; в) Антиплагиат® БЖ-не профилактикалық қызмет көрсетумен байланысты болған кезде Антиплагиат® БЖ-не қолжетімділік шектелгені немесе мүлдем болмағаны үшін;
6.4.4. Антиплагиат® БЖ Пайдаланушыға алып пайдалану көзі ретінде интернет-сілтемелер (сілтемелер) беретін интернет-ресурстың (ресурстардың) мазмұны немесе жұмыс қабілеттілігі үшін;
6.4.5. Антиплагиат® БЖ сілтеме беретін интернет-ресурстардағы вирустар үшін және/немесе Пайдаланушының бағдарламалық жасақтамасының және/немесе жабдығының кез келген зақымдануы және/немесе Пайдаланушының осы интернет-сілтемелер бойынша өтуі салдарынан туындаған өзге де салдар үшін;
6.4.6. Антиплагиат® БЖ-де Пайдаланушы тексеретін мәтіндердің мазмұны үшін;
6.4.7. Пайдаланушының Антиплагиат® БЖ толық есебін алу үшін алып пайдаланушыларды іздеу және сәйкестендіру бойынша тексеріс жүргізу параметрлерін таңдауы (орнатуы) немесе алып тастауы үшін;
6.4.8. Пайдаланушының осы құжаттың мәтінімен (Офертаның), Пайдаланушыға Сайтта қолжетімді Антиплагиат® БЖ өзге де құжаттамасымен танысып шықпағаны, сонымен қатар – Пайдаланушының Оферта (Шарт) мазмұнын дәлме-дәл түсінбегені үшін.
6.5. Пайдаланушының осы құжатта көзделмеген тәсілмен немесе Шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін немесе Шарт бойынша берілген құқықтар көлемінен тыс өзге де тәсілмен Пайдалану құқығын жүзеге асыруы қолданыстағы заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады, сондай-ақ Құқық иесіне Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға және Пайдалану құқығын тоқтатуға құқық береді.
6.6. Құқық иесі, Антиплагиат® БЖ сілтемені ұсынатын интернет-ресурс – ақпараттың бастапқы дереккөзі болып табылатынына кепілдік бермейді.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Пайдаланушының Аккаунтын жою, Тараптар арасындағы құқықтық қатынастарды автоматты түрде және даусыз тәртіпте тоқтатады.
7.2. Құқық иесі Офертаға біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы. Осы құжатқа өзгерістер енгізілгеннен кейін Пайдаланушының Пайдалану құқығын нақты жүзеге асыруы Пайдаланушының жаңа шарттармен Шарт талаптары сияқты келісуін білдіреді. Пайдаланушы енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, ол Пайдалану құқығын жүзеге асыруды дереу тоқтатуға, бұл туралы Құқық иесіне хабарлауға және Шартты біржақты тәртіппен бұзуға міндетті.
7.3. Пайдаланушы өзінің байланыс деректерін: тіркеу нысанын толтырған кезде, Аккаунтта немесе Тараптар келіскен өзге тәсілмен көрсетеді. Пайдаланушы жалған (жарамсыз) байланыс деректері туралы хабарлаудан туындайтын барлық тәуекелдерді өзі көтереді.
7.4. Тараптар арасындағы барлық реттелмеген даулар Құқық иесінің орналасқан жері (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) бойынша соттың қарауына берілуі мүмкін.
7.5. Дау соттың шешім шығаруына берілгенге дейін, Тараптар міндетті талап қою тәртібін пайдаланады. Талап қоятын Тарап екінші Тарапқа қойылатын талаптардың нақты және егжей-тегжейлі сипаттамасын, сондай-ақ құжаттамалық растамасын, талап етілетін өтемнің есептеулерін және т.б. ұсынуға міндетті.
7.6. Жазбаша талап қойылған Тарап, оны қарап шығуға және жазбаша талап түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа жазбаша дәлелді жауап жіберуге міндетті. Өз атына талап келіп түскен кезде немесе талап Лицензиатқа жіберілген жағдайда, Құқық иесі Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды тоқтата тұруға құқылы.
7.7. Дауларды шешу кезеңінде, Тараптар Шарттың шешілуге жататын даулар жататын бөлігін қоспағанда, оның талаптарын сақтауға және орындауға міндетті. Осы құжатта белгіленген талап қою тәртібін сақтамайынша, Тараптардың дауды немесе келіспеушілікті соттың қарауына беруге құқығы жоқ.
7.8. Тараптар дауды қысқа мерзімде қарау үшін барлық ақылға қонымды шараларды қабылдайды және жауапкердің өкіліне талап-арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін тапсыруды, оларды жіберу тәсілін тіркеуді қоса алғанда, барлық хабарландыруларды, хаттарды, өзге де құжаттарды Интернет желісі, электрондық пошта, факсимильді хабарлама арқылы жіберуге өзінің келісімін беретінін растайды.
7.9. Офертаның (Шарттың) бір немесе бірнеше шарты заңмен белгіленген тәртіпте жарамсыз болып қалса (танылса), бұл Офертаның (Шарттың) қалған талаптарының жарамдылығына немесе жалпы Офертаның (Шарттың) жарамдылығына әсер етпейді.
7.10. Құқық иесіне тікелей әсер ететін, Құқық иесі жауап бермейтін келесі жағдайлардың кем дегенде біреуі орын алса, Құқық иесінің міндеттемелері орындала алмауына байланысты тоқтатылады: Ресейдің (Мәскеу қаласының) Интернет желісінен ажыратылуы; Мәскеу қаласында электр оэнергиясының сөндірілуі; Құқық иесі мүлкінің табиғи апат, өрт, әскери сипаттағы әрекеттер, лаңкестік әрекет, азаматтық тәртіпсіздіктер және т.б. салдарынан жойылуы; Құқық иесінің қызметін бұғаттайтын мемлекеттік органның араласуы (оның ішінде құқыққа қайшы); Құқық иесінің деректер орталығының істен шығуы; заңнаманың (саяси режимнің) түбегейлі өзгеруі; Мәскеу қаласында төтенше жағдайдың туындауы немесе әскери жағдайдың, жұмылдырудың енгізілуі; Ресей Федерациясының банктік (есеп айырысу) жүйесінің немесе Құқық иесі шоттарының бұғатталуы; РФ АК 401-бабы түсінігіндегі табиғи апаттар, індеттер (пандемиялар); РФ АК 416-бабына сәйкес Шартты орындай алмауға әкелетін басқа да жағдайлар.
7.11. Осы құжатта ешнәрсе Тараптар арасында агенттік, еңбек қатынастарын, серіктестік қатынастарын, бірлескен қызметті, жеке жалдауды және тағы басқаны белгілеу немесе белгілеу ниеті ретінде қарастырыла алмайды.
7.12. Оферта (Шарт) Офертаның (Шарттың) осы редакциясын Ұйымның бас директоры-Құқық иесі – «Антиплагиат» АҚ бекіткен күні әрекет ететін Ресей Федерациясы заңнамасына сәйкес түсіндірілдеі.
7.13. Құқық иесінің деректемелері: «Антиплагиат» АҚ (НМТН 1057747076078, СТСН 7705664677, ЕҚСК 773101001; Ресей Федерациясы, 121205, Мәскеу қаласы, Большой (Сколково инновациялық орталығы аумағының) бульвары, 42-үй, 1-ғимарат, 0-қабат, № 111 үй-жай, № 11 жұмыс орны; хат-хабарлар үшін: 117105, Мәскеу қаласы, Варшава тас жолы, 33-үй, 65 а/ж; https://www.antiplagiat.ru/; info@antiplagiat.ru, sales@antiplagiat.ru; +7 (495) 223-23-84, 8 (800) 777-81-28; ЖКҰЖ 77479562, ЖМҚАЖ 45321000000; Төлем деректемелері: е/шоты 40702 810 738060018657 – Мәскеу қ. «Сбербанк» КАҚ-да; к/шот 30101 810 400000000225; БСК 044525225).