Біз Сізде сайтымыздың жұмысы туралы жақсы әсер қалуы үшін, cookies («куки») және оларға ұқсас технологияларды пайдаланамыз. Егер Сіз сайтымызды пайдалануды жалғастырсаңыз, бұл Сіздің cookies пайдалануға келісетініңізді білдіреді. Қосымша ақпарат алу үшін, біздің Саясаттарымызбен танысуыңызды өтінеміз

Реестр отечественного ПО При поддержке НТИ

Дербес деректерді өңдеуге келісім

Лицензиатты пайдаланушының лицензиялық шартты орындау мақсатында дербес деректерді беруге және өңдеуге арналған келісімі

 

«Антиплагиат» АҚ Бас директорының

2021 ж. «01» қазандағы № 31 бұйрығымен бекітілген

 

Осы Лицензиялық шарт шеңберінде лицензиатты пайдаланушының дербес деректерін беруге және өңдеуге арналған келісімі (бұдан әрі – «Келісім») Ресей Федерациясы заңнамасына сәйкес әзірленген.

Тіркеу нысанының өрістерін толтыру арқылы «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларын дербестендірілген түрде пайдалану мақсатында өзінің дербес деректерін ұсына отырып,

лицензиатты пайдаланушы «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының құқық иесі және ДД өңдеу операторы – «Антиплагиат» акционерлік қоғамына («Антиплагиат» АҚ: НМТН 1057747076078, СТСН 7705664677, ЕҚСК 773101001, 121205, Мәскеу, Большой бульвары (Сколково инновациялық орталығының), 42-үй, 1-ғимарат, 0-қабат, № 111 үй-жай, № 11 жұмыс орны, электрондық пошта: dpo@antiplagiat.ru, бұдан әрі – «Оператор») өзінің дербес деректерін (бұдан әрі – «ДД») беруге және өңдеуге өз келісімін білдіреді:

Лицензиатты пайдаланушы:

  1. Операторға ДД-ін алу және өңдеу кезінде https://www.antiplagiat.ru/partners мекенжайы бойынша орналасқан Оператордың сайтында, “Дербес деректерді өңдеу операторлары” бөлімінде көрсетілген тізбедегі компаниялардың бағдарламалық жасақтамасын қолдануға өз келісімін береді;
  2. ол «Антиплагиат»® жүйесінде авторизациядан өту кезінде көрсеткен барлық ДД-дің дұрыс екенін және өзіне тиесілі екенін растайды;
  3. Келісім мәтінін мұқият және толық оқып шығып, оның мағынасын түсінгенін растайды және мойындайды;
  4. Операторға ДД өңдеуге ескертусіз және шектеусіз келісімін білдіреді;
  5. оның ДД-ін Оператор тарапынан өңдеу жұмысы автоматтандыру құралдарын (компьютерлік құрылғылар мен компьютерлік бағдарламаларды) пайдалану арқылы ДД-мен жасалатын Оператордың әрекетін немесе әрекеттер жиынтығын қамтитынына өзінің толық келісімін береді;
  6. дәйексіз ДД-ді ұсынумен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді;
  7. Келісім бере отырып, өзінің тек лицензиат болып табылатын жұмыс берушісінің немесе лицензиат болып табылатын тапсырыс берушінің мүддесінде ғана әрекет ететінін және адаспайтынын растайды.

Лицензиатты пайдаланушының «Антиплагиат»® жүйесінде жеке кабинетке (бұдан әрі – «Аккаунт») алғаш кірген кезде «құсбелгіні» қоюы – Келісімді қабылдау сәті болып саналады. Сұрату, лицензиатты пайдаланушы Сайттағы кіру нысанында тиісті өрісті таңбалағаннан («құсбелгіні» қойғаннан) және e-mail арқылы кірген кезде «Кіру» деген жазуы бар деректерді жіберу үшін түймені басқаннан кейін бірден қалыптастырылады.

Лицензиатты пайдаланушы ДД-ді беруден бас тартса және оларды өңдеумен келіспесе, онда бұл жайт, лицензиатты пайдаланушыға «Антиплагиат»® жүйесін қашықтан пайдалануды қамтамасыз етудің техникалық тұрғыдан мүмкін еместігі себебінен «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынудан бас тартуға себеп болады.

Оператор ДД-ді келесі мақсаттарда қабылдайды және өңдейді:

  1. лицензиатты пайдаланушының әрекеттеріне түрткі болып табылатын лицензиялық шартты орындау;
  2. лицензиатты пайдаланушының «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  3. лицензиатты пайдаланушыға «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларын пайдалану нәтижелерін қалыптастыру және беру;
  4. лицензиатты пайдаланушының сұратуы бойынша өзге де ақпарат беру.

Оператор:

  1. ДД-ді сақтаудың және өңдеудің заңнамада рұқсат етілген ең аз мерзімдері ішінде ДД-дің ең аз қажетті көлемін жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
  2. ДД тек Ресей Федерациясының аумағында ғана сақталып, өңделетіндігіне кепілдік береді;
  3. ДД, Оператор мамандарының ДД-ге тұрақты қол жеткізуінсіз, компьютерлік техника және компьютерлік бағдарламалар тарапынан автоматты түрде өңделетіні туралы хабардар етеді;
  4. берілген ДД-дің дұрыстығына жауапты емес;
  5. лицензиатты пайдаланушы «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламалары көмегімен алып пайдалануларды тексеру кезінде мәтіндерде анықталуы мүмкін дербес сипаттағы мәліметтер үшін жауапты емес, себебі бұл Операторға дербес деректер беру фактісі болып саналмайды.

Өңделетін ДД санаттары мен тізбесі

Лицензиатты пайдаланушы Операторға келесі ДД өңдеуге өз келісімін береді:

  1. лицензиатты пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты, телефоны және электрондық пошта мекенжайы;
  2. лицензиатты пайдаланушының компьютерлік құрылғысы «Антиплагиат»® жүйесінің бағдарламаларына өзара іс-қимыл жасау кезінде автоматты түрде беретін техникалық сипаттағы мәліметтер (лицензиатты пайдаланушының браузері туралы ақпарат, IP мекенжайы, cookie файлдары, аппараттық және бағдарламалық жасақтама туралы ақпарат, «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларына қол жеткізу уақыты, сондай-ақ компьютерлік бағдарламаларды пайдаланумен байланысты техникалық деректер);
  3. келісімдердің талаптарына сәйкес Оператордың серіктесінен алынған лицензиатты пайдаланушы туралы ақпарат.

Лицензиатты пайдаланушы «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларымен өзара іс-қимыл жасауы кезінде, Оператор оның нақты мақсаттары үшін ДД өңдеу барысында Ресейдің қолданыстағы заңнамасында белгіленген ДД-мен байланысты кез келген әрекеттерді қажетті көлемде жүзеге асыруға құқылы.

Оператордың тапсырмасы бойынша және оның атынан ДД-ді өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаларды, сондай-ақ Ресейдің қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ДД-ді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.

Келісімнің қолданылу мерзімі, ДД-ді жою тәртібі

Оператор ДД-ді Аккаунт жойылғанға дейін сақтайды.

Лицензиатты пайдаланушы Операторға жазбаша өтініш жолдау арқылы өз келісімін кері қайтарып алуға құқылы. Келісімді кері қайтарып алу, Оператор Келісімді кері қайтарып алуды қабылдағанға дейін ДД-ді өңдеудің заңдылығына әсер етпейді.

Лицензиатты пайдаланушы ДД-ді өңдеуге берген келісімін қайтарып алған жағдайда, «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларына қатысты дербестендірілген қолжетімділік жоғалады.

Лицензиатты пайдаланушы туралы ақпарат, лицензиатты пайдаланушы тарапынан «Антиплагиат»® жүйесінің функционалын пайдалану арқылы өз күшімен де жойылуы мүмкін.

Оператор лицензиатты пайдаланушының ДД-ін келесі жағдайда жояды: 1) жүйенің Түбірлік әкімшісімен келісу кезінде лицензиатты пайдаланушының Оператор қабылдаған жазбаша сұратуы бойынша; 2) лицензиатты пайдаланушыға «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін лицензиялық шарттың әрекеті тоқтатылған кезде, немесе 3) лицензиатты пайдаланушы лицензиялық шарттың немесе Келісімнің талаптарын бұзған кезде.

Лицензиатты пайдаланушы өз Аккаунтынан өзінің жеке (дербес) ақпаратын (ДД) жою үшін лицензиат жүйесінің Әкімшісіне жүгінуге құқылы.

Оператор лицензиатты пайдаланушыдан сұратуды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Лицензиатты пайдаланушыға дербес деректер субъектісі ретінде мәліметтер (ДД) беруге міндетті. Оператор көрсетілген мерзімді Лицензиатты пайдаланушыны хабардар ете отырып және сұратылған ақпаратты беру мерзімін ұзарту себептерін көрсете отырып, бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

Осы Келісім, ДД берілген сәттен бастап, бірақ лицензиатты пайдаланушыға «Антиплагиат»® жүйесінің компьютерлік бағдарламаларымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін лицензиялық шарттың қолданылу кезеңінен асырмай қолданылады, сондай-ақ Лицензиатты пайдаланушы тарапынан Операторға Ресей Федерациясы, 121205, Мәскеу қаласы, Сколково инновациялық орталығының Большой бульвары, 42-үй, 1-ғимарат, 0-қабат, № 111 үй-жай, № 11 жұмыс орны мекенжайы бойынша «Антиплагиат» АҚ Бас директоры атына жазбаша өтініш беру арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін.

Лицензиатты пайдаланушы Келісімді қайтарып алған жағдайда, Оператор «Дербес деректер туралы» № 152-ФЗ Федералдық заңының 6-бабының 1-бөлігінің 2-11 тармақтарында және 10-бабының 2-бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде ДД өңдеуді одан әрі жалғастыруға құқылы.

Лицензиатты пайдаланушының ДД-ді өңдеуге берген келісімі нақты, ақпараттандырылған, саналы, пәндік және бір мәнді болып табылады. Лицензиатты пайдаланушы Келісімді қарапайым жазбаша түрде орындалған құжат ретінде таниды.

Оператор Келісімге кез келген уақытта, лицензиатты пайдаланушыны хабардар етпей, Келісімді Сайтта орналастыру арқылы өзгерістер енгізуге құқылы.

Егер лицензиатты пайдаланушыда ДД туралы қандай да бір сұрақтар болса, ол жүйенің Түбірлік әкімшісіне хабарласуға міндетті.

Жүйенің Түбірлік әкімшісімен байланысты мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, жүйенің Түбірлік әкімшісі Оператормен хабарласуға міндетті.

 

Бас директор: В.А. Фунтов